Астанада қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы «Kazakhstan Security Sistems - 2015» халықаралық көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы «Kazakhstan Security Sistems - 2015» халықаралық көрмесі ашылды

09.09.2015
Астанада қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс саласындағы  «Kazakhstan Security Sistems - 2015» халықаралық көрмесі ашылды

Онда көрмеге қатысушыларды бүгінгі шараның ашылуымен ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ж.Қ.Жұмашев құттықтады.

Өзінің сөзінде ол республика халқының ыңғайлы да қауіпсіз елде тұруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауда осы сияқты шаралардың маңыздылығын атап өтті.  

Бұл ретте ол әсіресе «Kazakhstan Security Systems-2015» көрмесінің композициялық сәйкестігімен қатар тәжірибелік бағытының да зор екендігі айтылды.

Көрмеде апаттар мен катастрофалар, көліктегі қауіпсіздікке қатысты жаңа, тың дүниелер ұсынылып, қолжетімділік жүйесін бақылау, бейнебақылау, ақпараттық қауіпсіздік сияқты өзгеде жүйелер қойылды.   

Мұнда қойылған заттар мен құралдардың барлығы болашақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған органдардың қызметіне енгізілетін болады, деп хабарлайды ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Көрме 2015 жылдың 9-11 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу