Ұ.Қарабалин: Бензин бағасы жуық арада тұрақтанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұ.Қарабалин: Бензин бағасы жуық арада тұрақтанады

09.09.2015
Ұ.Қарабалин: Бензин бағасы жуық арада тұрақтанады

Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Total.kz
 
«Біз қазір бензин бағасының 124 теңгеден 130 теңгеге дейінгі аралықта қалықтап жүргендігін көріп отырмыз. Кейбіреулері сол 108-ден асырған жоқ. Орташа алғанда баға 125 теңге болып тұр. Біз алдағы бір айдың көлемінде бензин бағасының бір қалыпқа келетініне сенімдіміз. Одан әрі жағдай тұрақты болады, әрине Ресей біздің басты жанар май тасымалдаушымыз болғандықтан, баға сол елде қандай болатындығымен  байланысты болады»,-деді Ұ.Қарабалин.  

Бағаға деген тәуелділік отандық зауыттар жергілікті нарықты толықтай қамтамасыз ету деңгейіне шықпайынша осылай болады. «Ал бензин бағасына келетін болсақ, егер біздің нарығымыз көп мөлшерде бензин келіп, біз оны ұсынылған бағаға сатып алмайтын болсақ, әрине баға төмендейді. Меніңше, біз мұндай жағдайда қараша-желтоқсан айларында әлі бастан өткереміз»,-дейді министрдің бірінші орынбасары.   

 

Хабарламаларға жазылу