Қазақстандық өнім өндірушілерге Қытай нарығына жол ашылды (КЕСТЕ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнім өндірушілерге Қытай нарығына жол ашылды (КЕСТЕ)

04.02.2016
Қазақстандық өнім өндірушілерге Қытай нарығына жол ашылды (КЕСТЕ)
Отандық өнімнің 20-дан астам түрі шығыстағы көршіге тасымалданады.

Біздің өндірушілерге миллиардттан аса тұрғыны бар Қытай нарығына жол ашылды. «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің мәліметінше, отандық өнімнің 20-дан астам түрі шығыстағы көршіге тасымалданады.

Атап айтқанда: кондитерлік өнімдер, күріш, өсімдік майы мен тоң май, алкогольсіз сусындар, құс еті. Сондай-ақ, темірдің жұқа қабатталған жартылай дайын өнімі. Мыс сымдар, қара металдан жасалған жылытқыштар, полипропилен, алюминий оксиді, құрылыстық бояулар, машина жасау ісіне қажетті мойынтіректер.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу