Оңтүстікқазақстандық шаруалар мақсарыны шет елге шығаруға ұмтылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандық шаруалар мақсарыны шет елге шығаруға ұмтылуда

09.09.2015
Оңтүстікқазақстандық шаруалар мақсарыны шет елге шығаруға ұмтылуда

Ал диқандар дәнді-дақылдарын төкпей-шашпай жинап алуға барын салуда. Өйткені өнімге сұраныс бар. 

Мақсары дақылы басқа өнімдермен салыстырғанда, күтімді көп қажет етпейді. Тек көктемде мол жауын мен аптап ыстық болса болғаны. Ал, табиғатынан ерекше өнімнің тікенегіне мұнда мал тұрмақ шегіртке де жақындай бермейді.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, «Нұркөл» шаруа қожалығына қарасты егін алқабындағы сақылдаған техникалар күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жатыр. Су жаңа комбайндар тәулігіне 50 гектарға дейін орады.

Былтыр егіндері құрғақшылыққа ұрынып, құралақан қалған дихандардың көңілі тоқ. Өйткені түсім жақсы. Шаруашылықта мақсарыны өңдейтін зауыт та бар. Кәсіпорын дәнді тазартып, сосын сығымдау арқылы май алады. Қалдығынан сабын жасалады екен. Топаны малға азық.

Бір сөзбен айтқанда, өнім қалдықсыз өңделеді. Қазірдің өзінде зауыт қоймасына 1,5 мың тонна дән жиналған. Өзге шаруалардың өнімін де сатып алады. Ендігі мақсат, дәнді дер кезінде өңдеп, шетелге экспорттау.

 

Хабарламаларға жазылу