Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беру оқиғалары кейінгі кездері көбейіп келеді. Осындай ықылас білдіріп, бірнеше баланы өз қамқорлығына алған отбасылар бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарында қонақта.
Хабардың мақсаты – патронат отбасыларды өзге жұртқа үлгі ету. Балалардың қазіргі жай-күй қалай? Сол отбасыға деген баланың көңілі қандай? Жалпы, біздің қоғамда патронат отбасы деген ұғым қалай қабылданады? Олар керек пе?
Бүгін Ұлттық арнадан көріңіз.