Ілкі жобаны «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жүктерді сақтау үшін жүзеге асыруда.
Жоба аясында «Достық-Ақтоғай –Алматы-1» жол телімінде вагондар мен контейнерлерді радиоэлектрондық белгі орнатылған қондырғылар бақылайды.
Оған қоса «Кселл» акционерлік қоғамымен бірлескен түрде «Алтынкөл-Жетіген- Алматы-1» темір жол теліміндегі жылжымалық құрамды бақылауда арнайы қондырғысын (GPS-белгісі) сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамының атқарушы директоры Сергей Кимнің айтуынша, бұл кешенді жұмыстар темір жол бойында қылмыстардың алдын алуға, тәртіптің сақталуына, жүктердің қорғалуына ықпал етеді.