Қытайдың Оңтүстік Шаолинь ғибадатханасының монахы Ши Лилянь су бетіне қойылған шағын пластинаның үстінен шамамен 125 метр жерді жүгіріп өтіп, әлемдік рекордын орнатты.
Ол 125 метрді 50 секунд ішінде жүгіріп өткен.
Ши Лиляньның бұл бірінші жүгірісі емес, ол былтыр 118 метрді жүгіріп өтіп, рекорд орнатқан болатын. Биыл Ши Лилянь өз рекордын жаңартты.