«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын арғымақтар саны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын арғымақтар саны анықталды

04.09.2015
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне қатысатын арғымақтар саны анықталды

Екі күннен кейін (6-қыркүйекте) өтетін «Алтын тұлпар» аламан бәйгеге қатысатын жүйріктер ҚР ҰСТҚ-на өтінімдерін жолдап тізімделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҰСТҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда: Астанадан – 10, Ақмоладан – 1, Ақтөбеден – 1, Алматыдан – 10, Атыраудан – 2, Жамбылдан – 10, Қарағандыдан – 10, Қостанайдан – 10, Қызылордадан – 5, Маңғыстаудан – 11, Павлодардан – 5, Солтүстіктен – 1, Оңтүстіктен – 3, Шығыстан – 7 жүйрік қатысады деп күтілуде.

Бұл жүйріктерді тұқым-түрге бөліп қарар болсақ: қазақы жылқы – 8, араб-ағылшын – 13, ағылшын – 13, ағылшын-қазақ – 3, Қостанай тұқымы – 10, араб жылқысы – 13, орыс тұқымы – 1, будан тұқым – 16, ағылшын-ахалтеке – 1, жабы – 1. Бәйгеге қатысатын тұлпарлардың жалпы саны әзірге – 86.

Хабарламаларға жазылу