Қостанай облысындағы «Лидер 2010» сүт және сүт өнімдерін шығаратын зауытта өнім құрамы жоғары сапалы шикізатпен байытылып, дәстүрлі әдіспен пастерленеді. Сақтау мерзімі 5 күннен 21 күнге дейін ұзартылып, қолайлы пэт ыдыстарға құйылады.
Еуропалық талапқа сай желі Индустрияландыру картасы бойынша шетелден әкелініп, отандық мамандар арнайы даярланды. Өнім Қазақстанның барша өңіріне және Ресейдің 30 қаласына жеткізіледі.
Зауыттың қуаттылығы қанша? Келешекте қандай асуларды еңсермек? Жалпы, зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Толығырақ бүгін 19:05-те «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс» хабарынан көре аласыздар.