Халықаралық конференция аясында «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық конференция аясында «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасы таныстырылды

03.09.2015
Халықаралық конференция аясында «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасы таныстырылды

Шараны  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы бірлесіп ұйымдастыруда.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Әлеуметтік қамсыздандыру халықаралық қорының Президенті Эррол Франк Стуве, осы ұйымның Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски,  еліміздің бірқатар министрлері мен Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың  өкілдері қатысуда.

Конференция аясында «Қазақстанның әлеуметтік саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында   Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасын таныстырды.

Осы сервис сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе болып табылады. «Сот кабинетіне» кіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба алу керек. Жолданған электрондық құжаттар өтініштер тізімінде көрсетіледі, мұнда оған жауаппен бірге электрондық құжаттың қаралу барысымен танысуға және берілген жауап хатты жүктеп алуға болады.

Аымдағы жылдың 8 айында «Сот кабинеті» қызметі арқылы электрондық түрде 200 628 құжат, соның ішінде 170 869 талап арыз келіп түсті. 2014 жылдың сәйкес кезеңінде 105 707 электрондық талап және басқа да арыз берілген болатын.

Конференция жұмысы  4-қыркүйекке дейін жалғасады.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу