Қазақстанда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы құрылды

03.09.2015
Қазақстанда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы құрылды

«ҚР Үкіметі  жарғылық капиталының 100 пайыз қатысушысы мемлекет болып табылатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» акционерлік қоғамын құрсын»,-делінген қаулыда.

Құжатта сонымен қатар, акционерлік қоғамның басты міндеттері ҚР агроөнеркіәсіп кешенінің инновациялық дамуына ықпал ету  болып табылады.

Құжатта айтылғанындай, орталықтың құрылуына орай, мекеме қайта құрылатын болады. Яғни, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті», жарғылық капиталының 100 пайыз қатысушысы мемлекет болып табылатын «Қазақ Ұлттық аграрлық университеті» акционерлік қоғамы, ал шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті», жарғылық капиталының 100 пайыз қатысушысы мемлекет болып табылатын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті» акционерлік қоғамы болады, деп жазады Zakon.kz.

Бұған қоса,  «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы жойылады.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу