Астанада «Алтын тұлпар» турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Алтын тұлпар» турнирі өтеді

03.09.2015
Астанада «Алтын тұлпар» турнирі өтеді

6 қыркүйекте Астана қаласы маңындағы Қабанбай елді мекенінде дәстүрлі «Алтын тұлпар»  аламан бәйгесі өтеді.  Турнирді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясы қолдауымен өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.

Осыған орай ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Байрақты бәсекеннің биылғы ерекшеліктеріне тоқталған Ерлен Оспанов: «Былтырғы додада 43 шақырымдық бір ғана айналым болған. Ал, биыл 12 шақырымнан 4 айналым жасадық.

Мәре сызығынан тағы бір айналым қосылды. Сонымен жалпы, 51 шақырым. Мұндай өзгешелік енгізген себебіміз – халық тарапынан «тұлпар алдымыздан бір рет шауып өтті, одан кейін келгенін ғана көрдік. Соңында не болғанын білмейміз», деген шағым түсті. Сондықтан, атбегілер кеңесін құрып,  осындай шешімге келдік»,-дейді.

«Жоспар бойынша биыл 200-ге жуық ат қатысады. Еуропалық үлгідегі бәйге ипподромда өте береді. Ал, қазақтың бәйгесі ұлы дала төсінде өтеді. Қазақтың кең даласын, қазақы жылқыны таныту мақсатында өткізіліп отырған шара».

«Жүлде 9 орынға дейін беріледі. Себебі, қазақта бір тоғыз, екі тоғыз беру деген дәстүр бар».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу