Маңғыстау облысының әкімі «Қаламқас» кенішінің мұнайшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының әкімі «Қаламқас» кенішінің мұнайшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

03.09.2015
 Маңғыстау облысының әкімі «Қаламқас» кенішінің мұнайшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Онда облыс басшысы  № 1580 кен өндіру кенішіндегі полимерлі суландыру технологиясы бойынша өткізіліп жатқан тәжірибелі өнеркәсіптік сынақтардың барысымен танысты.

«Қаламқас» кенішінде аталмыш тәсілді өткен жылы қолдана бастаған. Биылғы жылы полимер №1580 кен өндіру кенішінің № 2  бөлігінде сорып алынған.   

Осылайша, №1580 кен өндіру кенішінің № 2  бөлігінде 2015 жылдың тамыз айының 1-дегі жағдай бойынша сынақ жүргізіле бастаған уақыттан бері мұнай өндіру көлемі 4 547,1 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

 «Бүгінгі таңда кеніште қазіргі заманғы технологиялық жетістіктер қолданылуда. Биылғы жылдың 8 айында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында 4 млн 163 мың тонна өнім өндірілді. Ал, жоспарланғаны 4 млн. 154 мың тонна болатын. Соның 2 млн. 772 мың тоннасы «Қаламқас» кеніші мұнайшыларының үлесі»-деді Маңғыстау облысының  әкімі Алик Айдарбаев.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу