Астанада «Тарих және Мәдениет» атты этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тарих және Мәдениет» атты этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде

03.09.2015
Астанада «Тарих және Мәдениет» атты  этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде

Астанада 2-4 қыркүйек аралығында «Тілеп Қобыз» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «Тарих және Мәдениет» атты  этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде.

Фестивальдің ашылу салтанатына тоқталған «Көк түріктер» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, домбырашы Еркеғали Махмұтханов: «Фестивальге 17 мемлекеттен қатысушылар келді.  Сол кісілермен танысып-білісіп жатырмыз»,-дейді.

«Көк түріктер» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, бас домбырашы  Қазбек Атамбаев: «Мұндай шаралар біздің шыңдала түсуімізге көп септігін тигізеді. Біздің ансамбльдің ерекшелігі сол, өзіміздің ұлттық аспаптарды ғана емес, әлем елдерінің де түрлі аспаптарын меңгергенбіз. Шетелге шыққан сайын түрлі аспап сатып алып, оны өзімізге енгізіп, ұлттық әуендерімізді ойнауға ыңғайластырамыз».

«Бізде XVIII ғасырдағы Тілеп Аспантайұлының жеке қобызының көшірмесі бар. Сондай-ақ, VI ғасырда Алтай өңірінен табылған қыпшақтар домбырасының ең алғашқы көшірмесі бар. Біз қазір бұл аспаптармен түрлі концерттерге шығып жүрміз. Кешегі фестивальдің ашылу салтанатында да осы екі көне аспапты қосып, бір туынды дайындадық»,-дейді Еркеғали Махмұтханов.

Ансамбль жетекшісі Шолпан Қорғанбекованың «Көк түріктер» күйін таңғы бағдарламадан тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу