Боржақты – Ерсай теміржол желісі Ebilock-950 жүйесімен жабдықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боржақты – Ерсай теміржол желісі Ebilock-950 жүйесімен жабдықталады

02.09.2015
Боржақты – Ерсай теміржол желісі Ebilock-950 жүйесімен жабдықталады

Белгі беру және байланыс  жүйесі пойыз қозғалыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, темір жолда апаттық жағдайлардың алдын алуға  қызмет көрсетеді.

Боржақты – Ерсай теміржол желісі теңіз көлігі қозғалысының маңызды инфраструктуралық нысаны болып табылады. Ол Маңғышлақ – Өзен магистралімен түйісіп, паром кешені орналасқан Каспидегі Құрық айлағына апарады.  Қазіргі таңда теңіз жағалауы алып құрылыс алаңына айналған.

Желі бойында түгелімен Ebilock-950 қондырғысы толық орнатылғаннан кейін іске қосу шаралары жүргізіледі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы.

 

 

Хабарламаларға жазылу