Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин басқармалар мен мекеме басшыларын тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин басқармалар мен мекеме басшыларын тағайындады

01.09.2015
 Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин басқармалар мен мекеме басшыларын тағайындады

Жиында аймақ басшысы, жаңа тағайындалған басқарма басшыларын таныстырды.

Атап айтсақ, облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 13-тамыздағы өкiмiмен Нұржан Мерекеұлы Мұқанов Ақмола облысы мемелекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы — бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы болды.

Облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 1-қыркүйектегi өкiмiмен Амангелдi Халауденұлы Смаилов Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ал, Марзият Юсуповна Тохаева Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы қызметін атқаратын болды.

Сондай-ақ жиында алдағы жылу беру мауысымына, орақ науқанына дайындық пен бюджет қаржысын игеруге байланысты мәселелер қаралды. Әрбiр көтерiлген сұрақтар бойынша тиiстi сала басшылары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелдi.

 

Хабарламаларға жазылу