Ақтауда білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінген

01.09.2015
Ақтауда білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінген

Мереке ҚР Әнұранымен ашылып, мектеп директоры білім ордасының жеткен жетістіктері жайында баяндады және 1-ші сыныпқа келген оқушылар мен  келесі жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге сәттілік тілеп, биылғы оқу жылымен құттықтады.

Шара барысында қала басшысы Серікбай Трұмов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-ші сынып оқуышыларына сыйлаған «Менің отаным –Қазақстан» атты кітабын табыстап, мереке оқушылардың концерттік бағдарламана ұласты.

Ақтауда биылғы жылы 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін 31985 бала оқитын 25 жалпы білім беретін орта және 2 кешкі мектепте алғашқы қоңырау соғылды, оның ішінде 4200-ге жуық бала 1-ші сынып оқушылары.  

Білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінді.

1-ші сыныпқа келетін оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 23,146 мың теңге және 1-ші сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларын күніне бір рет тамақпен қамтамасыз ету үшін 324,4 мың теңге қаражат бөлінді. 

 

 

  

 

 

Хабарламаларға жазылу