Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі - Бейбіт Атамқұлов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі - Бейбіт Атамқұлов

01.09.2015
Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі - Бейбіт Атамқұлов

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

«Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі. Бұл -  өте қуанышты жағдай. Мұның барлығы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі», - деді  құттықтауында облыс басшысы Б.Атамқұлов.

Өңірде биыл 70 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттады. Бұл - республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Облыс бойынша жаңа оқу жылында 49 білім ошағы пайдалануға берілсе, соның 22-і бүгін - 1 қыркүйекте ашылды. 74 мектеп күрделі жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілген.   Сондай-ақ, аймақ басшысы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үшауысымды мектептер саны 21-ге дейін қысқаратынын атап өтті.  

Жалпы,  өңірдегі үшауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016-2017 жылдары толығымен шешіледі, деп жоспарлануда.

Өңір басшысы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сыныптары мен зертханаларын аралап, оқушылармен әңгімелесті.

 

Хабарламаларға жазылу