Бүгін – білім күні. Мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған бүлдіршін үшін де, алтын ұя мектебін тәмамдағалы отырған жоғары сынып оқушылары үшін де, ұстаздар үшін де мерейлі мереке.
Биыл еліміздің 7,5 мың мектебінде 2 миллион 600 мыңнан астам оқушы білім алады. Олардың 336 мыңы бүгін алғаш рет қоңырау үнін естіп отыр.
Бүгін «Әйел бақытында» тосынсый. Хабар барысында әдеттегідей мұғалім оқушыға емес, кішкентай бүлдіршін мұғалімге сұрақ қоймақ. Ұлттық арнадан 15:00-де көріңіз.