Айдын Айымбетов онда негізгі экипаж құрамында және екінші борт инженер ретінде ұшпақ. Арнайы комиссия үш ғарышкерден тұратын негізгі, және тағы үш экипаждан тұратын қосымша құрамды бекітті.
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің ұшу алаңына жеткізілгендігін хабарлауда.
Кеме қыркүйектің 2-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бұл осымен ғарыш көгіне көтерілгелі отырған үшінші қазақ ғарышкері.