2025 жылы әлем тұрғындарының жартысы су тапшылығын сезініп отырған аудандарда тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2025 жылы әлем тұрғындарының жартысы су тапшылығын сезініп отырған аудандарда тұрады

31.08.2015
 2025 жылы әлем тұрғындарының жартысы су тапшылығын сезініп отырған аудандарда тұрады

2015 жылы әлем тұрғандарының 91 пайызы ауыз судың ең таза су көздеріне қол жеткізетін болды. 1990 жылы бұл көрсеткіш 76 пайыз болған. 1990 жылдан бастап, ең таза деген ауыз су көздеріне 2,6 миллиард адамның қол жеткен болатын.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінше, қазіргі таңда 4,2 млрд адам су құбыры суларын пайдаланады. 2,4 млрд адам су құбыры бұлақтары мен тазартылған құдықтар мен бұрғыланған скважиналар сияқты таза ауыз су көздерін пайдаланады.
 
663 млн адам таза емес су көздерін пайдаланады, соның ішінде 159 млн адам жер беті суларын тұтынады.  

Жаһандық деңгейде алғанда ең кемінде 1,8 млрд адам фекалды заттармен ластанған суларды ауыз су ретінде пайдаланады. Ал, ластанған су диарея, холера, дизентерия, полиомелит сияқты аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Арнайы жүргізілген бағалаулар бойынша ластанған су жылына диареядан мерт болуыдң 500 мың жағдайына себеп болып отыр.  

Кіріс деңгейі орташадан төмен мемлекеттердің медициналық мекемелерінің 38 пайызында ешқандай да су көздері жоқ. 19 пайызында, жетілген санитария талаптары жоқ болса, 35 пайызында тіпті қол жуатын су да жоқ. 

Хабарламаларға жазылу