Қытай елі Mercedes-Benz-ті сатып алу бағытында келіссөздер жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай елі Mercedes-Benz-ті сатып алу бағытында келіссөздер жүргізуде

30.08.2015
Қытай елі Mercedes-Benz-ті сатып алу бағытында келіссөздер жүргізуде

Beijing Times баслымының хабарлауынша, BAIC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Сюй Хэи аталмыш басылымға берген сұхбатында арнайы жеңілдіктердің аясында қытайлық компанияның Daimler концернінің үлескері болуы мүмкіндігін айтқан.

Екі кәсіпорын арасындағы келіссөздер биылғы жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.  

Бұл келісім BAIC пен Daimler компанияларының баламалы отын тұтынатын автомобильдерді шығару ісіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етуі мүмкін, дейді Сюй Хэи.

BAIC пен Daimler-дің бірлексен компаниясы Beijing Benz Е және С класындағы Mercedes-Benz көліктерін шығарып, оңтүстік Азия елдеріне экспорттауы мүмкін. Daimler-дің штаб-пәтерінде әзірге бұл ақпараттар туралы ештеңе айтылмай отыр, деп жазады bin.ua.

 

Хабарламаларға жазылу