Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен даму бағыттарын, сондай-ақ, бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.
Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты.
Тараптар сондай-ақ, 11 қыркүйекте Астанада өтетін Түркітілдес елдер басшыларының V саммитінің маңыздылығын атап өтті.