Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады

30.08.2015
Айдын Айымбетов ғарышта ұлттық тағамдармен тамақтанады

Ғарышкер үшін 9 тамақтан тұратын дастарқан мәзірі әзірленген.

Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының арнайы тағамдар биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявский атап айтты.

Дастархан мәзіріне құрғақ бие сүтінен жасалған түрлі дәмдеуіштер, қарақат қосылған ірімшік, құрт,  кондитерлік өнімдер, өрік-мейізден кептірілген шығыс тәттілері, жылқы етінің сорпасы, лимон қосылған шай енген.

Тағамдар арнайы  контейнерге салынып, Байқоңырға жөнелтіледі. Ғарышкер тұтынатын тағамдар Қазақ тағамтану академиясында жасалған. 

Хабарламаларға жазылу