Журналистердің Халықаралық орталығы (ICFJ) және «Malaria No More» үкіметтік емес ұйымы «Безгекті жоюға арналған күрес шараларын ақпараттандыру: америкалық және халықаралық журналистерге арналған стипендия» бағдарламасын ұйымдастырды.
Бағдарлама бес америкалық және Африка, Азия және Еуропа елдерінің төрт журналисіне Таиландта өтетін бескүндік оқуға жолдама береді.
Шара 25-31 қазан аралығында өтеді.
Сапар аясында олар безгек ауруының Азия және әлем елдеріне ықпалын, таралуы мен емделу жолдарын және алдын алу шаралары туралы біле алады.
Сондай-ақ, стипендиаттар жергілікті емханалар мен емдеу орталықтарына барып, безгек ауруы мен денсаулық сақтау жүйесі мамандарымен баспасөз мәслихаттарын өткізеді.
Өтінімдер қабылдау 14 қыркүйекке дейін жүргізіледі.