Балаңыз мектепке дайын ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаңыз мектепке дайын ба?

29.08.2015
Балаңыз мектепке дайын ба?

Оқу жылы басталып қалды. Балалардың мектепке барарда медициналық сараптамадан өтетін уақыты да келді. Ал, жан бағудың қамы­мен кеткен қоғамның бүгінде ұрпақ денсаулығына алаңдап жатқаны шамалы.

Дәрігерлер мектеп жасындағы балалардың денсаулығына ерте бастан мән беру керектігін және ата-ананың үйде баланың ойын толық тыңдауы қажет екенін айтады.

Бала тәрбиесіндегі маңызды алғышарттар не? Мектеп жасындағы балаларда жиі кездесетін ауру түрлері қандай? Көз ауруларының алдын алуға бола ма?

Бала денсаулығы мен тәрбиесіне қатысты сауалдарыңыз болса, бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:05-те «Дауа» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу