ҚР Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты штаб оркестрі бастығының орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайыржан Бердібай «Таңшолпанда» қонақта.
Алдағы жоспарларымен бөліскен әнші: «Осы саланы таңдап келгеннен кейін ел мүддесі жолында қызмет ету - парыз. Сондықтан, көп еңбектенуге тырысамын. Мақсатым - әскери салада оқып жатқан курсанттардан хор құру.
Ал, дәл қазіргі уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға дайындық үстіндеміз», - дейді.
Әнші кезінде Ілия Жақановтың өзі ұсынған «Даниярдың әні» туындысының шығу тарихы туралы баяндады. Толығырақ «Таңшолпанан» біле аласыздар.