Жер бетінде түрлі жағдайда адамға қан құю қажеттілігі туындап жатады. Әсіресе, халық саны көп елдер донор қанына аса мұқтаж. Елімізде соңғы жылдары донорлар саны үш есеге азайған.
Донор болатын адамның жасы 18-ден асқан, денсаулығы қалыпты әрі қолында төлқұжаты болуы шарт. Алдымен, денсаулығыңыздың дұрыстығын растайтын арнайы тіркеуден өтесіз. Егер, салмағыңыз бен бойыңыз сәйкес келмесе де, қан тапсыруға рұқсат етілмейді.
Ісік ауруларымен ауыратындар донор бола алмайды. Ал, жүрек талмасымен, артериалды гипертензиямен ауыратындарға тұратқы түрде қан тапсыруға болмайды.
Артық салмақтан арылу және гемоглабин мөлшерін төмендету үшін қан тапсырудың пайдасы зор.
Статистикалық деректер бойынша, Еуропада 1000 адамның 40-ы, ал, АҚШ-та 60-ы белсенді түрде қан тапсырады екен. Ал, біздің елдегі көрсеткіш 17 адамды құрайды.
Мұның себебі неде? Толығырақ «Таңшолпанда».