Табиғи шырынды пайдалану ерте заманнан бастау алады. Ежелгі жеміс өнімдері қолдан сығылып, оны сақтаудың өзіндік әдістері болған.
Қазір табиғи сусындар тұтынушыларға шөлмекте, қорапта және тетрапакетпен ұсынылады. Олардың адам ағзасына пайдасы мол.
Сығылған сусындар - түрлі витаминдердің көзі. Бастысы, мөлшерден тыс қолданбау қажет. Мәселен, томат шырыны жүйкеге оң әсер етіп, жасушаларды бөлінуден қорғайды.
Сусындардың ішінде асқабақ шырыны да ерекше пайдалы. Ол қан құрамындағы майды азайтып, иммунитетті көтереді. Алма шырыны ағзаны токсиндерден арылтады. Бүйректегі тасты ыдыратып, қан құрамындағы холестеринді азайтады.
Ал, сәбіз шырынында B, C, D, E, K дәрумендері кездеседі. Ол көру қабілетін жақсартады. Қара өрік шырынының да ерекше пайдасы бар. Ішекті тазартып, мазасыздықты басады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.