29-тамызда елордада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29-тамызда елордада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

26.08.2015
29-тамызда елордада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

Биыл Астана қаласының кәсіпкерлер Палатасы  қалалық  әкімдіктің  қолдауымен алғаш рет  ауқымды іс-шараны ұйымдастырып отыр.

Көрмеге елордалық бизнес-қауымдастығының белді майталмандарымен қоса, әйел кәсіпкерлер, сондай-ақ стартап жобаларының иелері қатыспақ.

Айта кету керек, Елбасы Жарлығына сәйкес, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап, «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының ұйымдастырылуы  ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тапсырылды.

Байқаудың басты міндеті – отандық тауарлардың сапасы мен бәсекеге  қабілеттілігін арттырып, оларды халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Көрме барысында отандық тауар өндірушілердің өнімдері қалың көпшіліктің назарына ұсынылады. Сондай-ақ, қатысушылар: «Өңдірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымдары бойынша марапатталады.

Іс-шараның соңы байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласпақ, деп хабарлайды Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.


 

 

Хабарламаларға жазылу