Қызылорда қаласының әкімі жаңа орынбасарын тағайындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласының әкімі жаңа орынбасарын тағайындады

26.08.2015
Қызылорда қаласының әкімі жаңа орынбасарын тағайындады

Асылбек Өмірбекұлы, 1978 жылы 8 шілдеде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 

1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кеніштерді игеру», 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Техника және технология» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» ЖШС-де менеджер қызметінен бастаған.

2000-2006 жылдары «Жібек жолы» компаниясында туризм менеджері, Қызылорда қаласында салынып жатқан газбен жабдықтау объектілерінің дирекциясының жетекші инженері;

2006-2009 жылдары Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жетекші маман, бас маман;

2009-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы;

2012-2015 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін  атқарған.

Хабарламаларға жазылу