«Қазақ даласының құпиялары». Үңгірлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ даласының құпиялары». Үңгірлер

26.08.2015
«Қазақ даласының құпиялары». Үңгірлер

Үңгірлер пайда болғалы бері небір ғылыми пайымдауларға жан-жақты жол ашуда. Бұл саланы зерттеу ісімен спелеология ғылымы айналысады. Үңгірлердегі  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, түрлі таңба-суреттер, үңгірлерге қатысты түрлі аңыздар ғалымдардың, тарихшы этнографтардың зерттеп жүрген негізгі  нысаны.

Қазақстанда 140-тан астам үңгір бар. Олардың көбісі тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен сабақтасып жатыр. Балқан тауда Мәдидің қара үңгірі, Семейде Еңлік пен Кебекке пана болған Үйтас үңгірі, Ұлытауда Асан қайғы бабамыздың бәйбішесі Тана жерленген шыңның басындағы Ақмешіт әулие үңгірі, Ойылда Құныскерейдің үңгірі, Көкшетауда Кенесары мен Балуан Шолақтың,  Жезқазғанда Кейкі батырдың үңгірі сынды үңгірлер бар.

Бүгін Ұлттық арнадан  сағат 17:05-те «Қазақ даласының құпиялары» деректі фильмінен үңгірлер сырына қанығыңыз.  

Хабарламаларға жазылу