Малайзия валютасының құны соңғы 17 жылда ең төменгі көрсеткішті көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия валютасының құны соңғы 17 жылда ең төменгі көрсеткішті көрсетті

26.08.2015
Малайзия валютасының құны соңғы 17 жылда ең төменгі көрсеткішті көрсетті

Осылайша Малайзия валютасының құны соңғы 17 жылда АҚШ валютасымен салыстырғанда, ең төменгі деңгейге жетті. 26-тамыздағы саудадағы бағам бойынша рингиттің құны 18 пайызға төмендеген.  

Рингиттің құнының құлдырауының басты себебін сарапшылар мұнайға деген бағаның күр  төмендеуімен байланыстырып отыр. Өйткені Малайзия экономикасы энергиятасымалаушыларға барынша тәуелді, сонымен қатар жағдайдың бұлайша қалыптасуына елдегі ішкі саяси жағдай да ықпал еткен.

Малайзияның Премьер-Министрі Разак Наджибтің айналасында осы күндері үлкен шу шықты,  Wall Street Journal басылымы Премьер-Министрдің есебіне 1MDB мемлекеттік инвестициялық қорымен байланысты компаниялардан  жылына 700 млн доллар түсіп отырғандығын жазған. 

Арнайы жүргізілген тексерулер Премьер-Министрдің есебінде расында да аталған соманың бар екендігі дәлелдеді. Алайда, Наджиб Ризак бұл қаржыны өзінің қолдаушыларынан саяси мақсаттар үшін алынғандығын мәлімдеп отыр.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу