«Таңшолпанда» қонақта - М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актерлері - ҚР Мәдениет қайраткері Жұмағали Маханов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.
11 қыркүйекте елордада театр ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қойылым ұсынбақ.
Сондай-ақ, М.Әуезов театры жаңа маусымда Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың режиссерлігімен Игорь Вовнянконың «Қаза мен жаза» спектаклінің премьерасын сахналамақ. Сұхбат барысында журналист Жұмағали Маханов пен Дулыға Ақмолда театрда үнемі бір рөлді сомдайтындықтарын тілге тиек етті.
«Негізінен көрермендер үнемі шатастырып жатады. Болмысымыз бен сырт келбетімізде ұқсастықтар көп болғандықтан, режиссерлер бір рөлді жиі ұсынады. Қазір сахнада серіктес болып ойнайтын қойылымға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз», дейді қос актер.