Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардың алынатын уақытын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардың алынатын уақытын жариялады

25.08.2015
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Иранға қарсы санкциялардың алынатын уақытын жариялады

Келесі жылдың көктемінде АҚШ Конгресі мен Иран парламенті Иран мен «алтылық»  арасындағы келісімдерді аяқтауы мүмкін.  

«Иранның ядролық бағдарламасына қатысты салынған халықаралық санкцияларды Ираннан алып тастау  келесі жылдың көктеміне жоспарлануы мүмкін», деп хабарлады Ұлыбритания СІМ-нің басшысы Филип Хаммонд. 

Тегеранда арнайы сапарда жүрген министрдің бұл сөздерін қазір батыстың бұқаралық ақпарат құраддарының өкілдері де жиі қайталап жүр. 

Министр санкцияларды алып тастаудың келесі жылдың көтеміне жоспарланып оытрғандығын айтты. Себебі,  сол уақытта АҚШ конгресі мен Иран парламенті  «алтылық» пен Иран арасында жасалған келісімдерді қарауды аяқтайды.

Алдында хабарланғанындай, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Қытай мен Ресей мемлекеттері Иранмен санкцияларды жеңілдетіп, Иран ядролық бағдарламасын шектейді деген келісімге келгені жарияланған болатын, деп жазады www.segodnya.ua.  

 

 

Хабарламаларға жазылу