Дархан Қыдырәлі: Халықаралық Түркі академиясы биыл Қазақ хандығының туы тігілген Қозыбас тауына экспедиция ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Қыдырәлі: Халықаралық Түркі академиясы биыл Қазақ хандығының туы тігілген Қозыбас тауына экспедиция ұйымдастырады

25.08.2015
Дархан Қыдырәлі: Халықаралық Түркі академиясы биыл Қазақ хандығының туы тігілген Қозыбас тауына экспедиция ұйымдастырады

«Таңшолпанда» қонақта - Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және өнертанушы Әлқуат Қазақбаев.

Тамыздың 19-21-і аралығында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданында І Халықаралық археологиялық экспедиция ұйымдастырылды.

Қарақаба жазығында өткен шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Моңғолияның белгілі түркітанушы ғалымдары, археологиялық институттардың басшылары, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

«Негізгі мақсат - тарихымызды түгендеу. Оның негізгі жолдарының бірі - археологиялық қазба жұмыстары. Алтай тауларынан бастап отырған себебіміз, Алтай - бүкіл түркі халықтары үшін қасиетті саналады. Шара барысында «Алтай - алтын бесік» атты  атты семинар ұйымдастырылып, нәтижесінде бұдан кейін де зерттеу жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, тарихымызды тың деректермен толықтыра түсу үшін алдағы уақытта Қырғызстан, Кавказ, Венгрия, Моңғолия және басқа да түркілердің табаны тиген жерлердің бәрін аралауды жоспарлап отырмыз. Одан кейінгі мақсат -  Еуразия кеңістігін шарлап шығу», дейді академия президенті Дархан Қыдырәлі.

Зерттеу жұмыстары кезінде анықталған ғылыми жаңалықтар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу