Сандық қалам арқылы ми ауруларын ерте кезеңде анықтауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сандық қалам арқылы ми ауруларын ерте кезеңде анықтауға болады

25.08.2015
Сандық қалам арқылы ми ауруларын ерте кезеңде анықтауға болады

Әлемде миллиондаған адам Альцгеймер немесе Паркинсон сияқты ми және орталық жүйке жүйесі ауруларынан зардап шегіп келеді. Ғалымдардың бірқатары дертке арналған дәрі ойлап табу жағын қарастырса, енбі бірі науқастың дертін ерте кезеңде анықтауға күш салуда. Осындай бір тәсілді Массачусетс технология университетінің зерттеушілері ұсынып отыр.

Жасанды интеллект саласындағы компьютерлік ғылым және зерттеулер лабораториясының  (CSAIL) қызметкерлері науқас қолданып жүрген арнайы қаламның көмегімен ол адамда жүйке жүйесі ауруы бар ма, жоқ па дәл анықтауға болатынын айтады.  

Аталмыш қаламның орнына бүгінге нарықта бар Anoto Live Pen қаламдары қолданылған. Негізі, бұл әдісті науқасқа тапсырылатын сағат циферблатын салу немесе сол периметр арқылы сандарды қойып шығу арнайы сынағының жетілдірілген әдісі деуге де болады.

Anoto Live Pen қаламына арнайы видеокамера орнатылған. Ол қаламның жазатын бөлшегі мен қағазды секундына 80 кадр жылдамдықпен бақылайды. Қаламға орнатылған бағдарлама аурудың кішігіріп белгілерін де анықтай алады.

CSAIL мамандары бағдарламаның соңғы нүктесін қоюда. Бұл өнімді медицина орталықтары мен аурухананың невролог мамандары пайдалана алады.

Хабарламаларға жазылу