«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акциясы аясында 2015 жылдың 24-27 тамызы аралығында жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда олар Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданының Водокачка, Жалаңтөс ауылдарына және Шиелі ауданының 4 ауылына, сонымен қатар Жаңақорған ауданының шалғайдағы ауылдарына барады.
Компания құрамына терапевтер, кардиологтар, фтизиаторлар, онкологтар кіретін және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бар жұмылдыру топтарының қолдауымен ұйымдастырылатын болады.
25-27 тамыз аралығында кешендер Ақтөбе облысының Айтеке би ауданында болады. Медициналық көмек жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмысшылары сияқты мақсатты топтарға көрсетіледі.
27- тамызда жылжымалы медициналық кешен Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылына барады.
Профилактикалық тексеру мен кеңестік-диагностикалық көмек көрсету мақсатында ШҚО Тарбағатай ауданының дәрігерлері жұмыс істейтін болады.
Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1-шілде мен 31-тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.