Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда олардың төртеуі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне тегін оқуға қабылданды. Бұл мәселе Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың тікелей бақылауында болды.
Олардың қатарында №6 гимназияның түлегі Айдана Әбілқасымова, №40 орта мектептің түлегі Нұржан Орынбаев, №48 мектеп-лицейінің түлегі Жұмақанова Лейла және №50 мектеп-лицейінің түлегі Айдана Жарылқасын бар. Ал, №60 мектеп-лицейінің түлегі Сабина Маханова Чехияға оқуға түсті, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Еске сала кетейік, ҰБТ қорытындысы бойынша Астана қаласынан білім грантына 2781 өтініш түскен. Нәтижесінде, елордалық 1049 түлек білім гранттарына ие болған, олардың 670 – қазақ тілінде, 379 – орыс тілінде.