Иранның Мұнай министрі Биджан Намдар Занганның айтуынша, Тегеран мұнай өндіру көлемін қайткенде де арттыратындығын мәлімдеді.
Оның сөзінше, Иранның бұлай істемеске амалы жоқ, өйткені олар нарықтағы үлестерінен айырылып қалғалы тұр.
Министр сонымен қатар, ОПЕК-тің шұғыл мәжілісін өткізуді де қолдайтындығын білдірді. Оның пікірінше, мәжіліс мұнай нарығындағы құлдырауды тоқтатуға ықпал ете алатын еді.
Бүкіләлемдік банктің шілдедегі болжамдары бойынша, Ираннан Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша салынған санкцияларды алып тастау нәтижесінде әлемдік нарыққа ағылған мұнай көлемі тәулігіне бір миллион баррельге жетеді. Бұл жағдай өз кезегінде 2016 жылы мұнай бағасы барреліне 66-56 доллар болады деген болжамды өзгертері сөзсіз.
Ал, мұнай бағасы болса міне, 9 айдан бері құлдыраумен келеді, және осы кезде Brent маркалі мұнайдың құны психологиялық жағынан маңызды 45 долларданда төмендеді. Бұл мамандардың пікірлерінше, Қытайдағы биржа индекстерінің төмендеуіне алып келді. Шанхайдың қор биржасы қытайлық лауазым иелерінің зейнетақы қорларын пайдалануға рұқсат бергендігіне қарамастан 9 пайызға жуық шығынға ұшырады.
Сонымен қатар, қазір мұнай бағасының түсіп кетуіне АҚШ-тағы қосымша тағы екі мұнай өндіру қондырғысының іске қосылғандығы себеп болып отыр.
ОПЕК баяндамасындағы мәліметтер бойынша, мұнай бағасының құлдырауына қарамастан, ұйымға мүше елдердегі мұнай өндіру көлемі соңғы үш жылдағы ең үлкен көрсеткішке 31,5 млн баррельге жетті, деп жазады Bloomberg.