«Өрнек» жазғы лагерінің ерекшелігі көп (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өрнек» жазғы лагерінің ерекшелігі көп (ВИДЕО)

24.08.2015
«Өрнек» жазғы лагерінің ерекшелігі көп (ВИДЕО)

 

Алматы облысының Қарасай ауданында Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің «Өрнек» жазғы лагері жұмыс істейді.

Мұнда жаз маусымында 10 күн сайын 180 бала тынығып, қолданбалы өнердің сан саласын меңгереді. Балалар уақыттарын көңілді өткізумен қатар, түрлі шеберлік сағаттарына қатысады. Демалыс орнының ерекшелігі де - осы.

«Балалар арнайы мамандандырылған оқу орындарынан ғана емес, жалпы білім беретін мектептерден келеді. Сондықтан, алдымен олардың өнер туралы танымын арттыруға күш саламыз. Шеберлік сағаттары әр жеткіншекке пайдалы болса, еңбегіміздің еш кетпегені. Әсіресе, балаларға ашыған қамырмен жұмыс істеген ұнайды», дейді Орталық шебері Юрий Кузнецов.

Аяқталмаған туындыларды келесі маусымда келген балалар жалғастырып әкетеді. Ал, біткен жұмыс естелік ретінде жазғы лагерде қалады.

Жеткіншектер пенопласттан жасалған балбал мүсінді Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту етпек.

Толығырақ «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу