Ресейдегі «Заря Каспия» газетінің тілшісі Балсұлу Хисметқызы «Таңшолпанға» сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі «Заря Каспия» газетінің тілшісі Балсұлу Хисметқызы «Таңшолпанға» сұхбат берді

24.08.2015
Ресейдегі «Заря Каспия» газетінің тілшісі Балсұлу Хисметқызы «Таңшолпанға» сұхбат берді

 

Ресейдің Астрахань облысы, Володар аудандық «Заря Каспия» газетінің тілшісі Балсұлу Хисметқызы Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында Рәбиға Қаныбаева, Нұрқанат Жақыпбаев сияқты ұстаздардан тәлім алған Балсұлу Хисметқызы отбасын құрғаннан кейін 1990 жылы Астрахань облысына келеді.

Астрахань - Ресейдің қазақтар ең көп қоныстанған облысы. Өңірде 170 мыңға жуық қазақ тұрады. Сондай-ақ, «Жолдастық» атты қазақ мәдениеті мен тілі қоғамы жұмыс істейді.

 «Жолдастық» қоғамның бастамасымен 25 жылда қазақ мәдениетіне арналған бірқатар кең көлемді шаралар ұйымдастырылды. 1996 жылы осы ұйымның бастамасымен Володар ауданында Құрманғазы Сағырбайұлына кесене салынды. Салт-дәстүр берік сақталған. Тұсаукесер, тілашар, сүндет той, беташар рәсімдеріне ерекше мән беріледі», дейді Балсұлу Хисметқызы.

«Заря Каспия», «Ақ арна» басылымдарында қандастарымыздың тұрмыс-тіршілігі туралы сөз қозғап жүрген қазақ журналисімен сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу