Ұлттық валютаның құнының арзандауына байланысты азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс басшысы бастаған топ алдымен "Технодом" дүкеніне бас сұқты.
Дүкен басшысының айтуынша, мұндағы баға тұрақты. Халықтың көптігі де байқалмайды. Коммуналдық базардағы баға да көтерілмеген. Мәселен қанттың келісі -150, сұйық майдың литрі-245 теңгеден саудаланып жатыр. Жылқы, сиыр, қой еттері де өзгеріссіз.
Облыс әкімі мұнан әрі "Мост" ақша айырбастау тьірегі мен "Арзан", "Скиф трейд" сауда орындарын аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Барлық сауда орындарының басшыларына бағаны өсірмеуді қатаң тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.