Бұл туралы ол ВВС-ге берген сұхбатында айтқан.
Оның сөзінше, келісімге қауіп төніп тұр деуге негіз болып отырған себеп, бірқатар мемлекеттер тиісті тәртіпке мойынсұнбай отыр, яғни, олар босқындарға баспана беру жөніндегі міндетті орындамай, жауапкершіліктен жалтаруда.
«Егер ешкім ереже сақтамайтын, тәртіпке бағынбайтын болса, келісімге қауіп төнді деген сөз. Бізге шұғыл түрде осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдау керек»,-деді министр. Сонымен қатар, ол Шенген келісімі жойылмайтынына үміт артып отыр.
«Біз әрине, Шенгенді қолдаймыз. Германия Еуропа орталығында орналасқан (Шенген аумағы) және бұл үлкен жетістік. Алайда, Шенген келісім сол қалпында қалуы үшін еуропалық шешім қажет»,-деді де Мезьер.
Әңгіме барысында ол сонымен қатар, Шенген елдері шекарада қайтадан құжат бақылауын қолға алуға мәжбүр болуы мүмкіндігін жеткізді.
«Мен әрине, мұндай шешімді қаламаймын, алайда бізге оны қабылдау қажет болуы мүмкін»,-деді министр.
Томас де Мезьер Германияға биылғы жылы 800 мың босқын немесе баспана іздеушілер келеді деп күтіліп отырғандын жеткізді.
Министрдің айтуынша, Германияға босқындарды бірден қабылдайтын 100-150 мың адамдық орын жетіспейді.