Нәтижелерге сәйкес, офицерлердің 30 пайыздан астамы жоғарғы лауазымдарға көтеру үшін резервке алынды, ал 16 пайыздан астам офицерлер – 2015-2017 жылдары оқытуға жіберуге ұсынылды, қалғандары өз біліктіліктері мен атқаратын лауазымға сәйкестігін нақтылады.
Аттестаттау барысында әскерилердің дене, оқ ату, кәсіби, саптық және тактикалық даярлық деңгейін, заңнаманың, негізгі басшылық құжаттары мен міндетті әскери тәртіп пәндерін білуі, сондай-ақ психологиялық дайындығы тексерілді.
Бұл іс-шара Қазақстанның Қарулы Күштерінде үш жылда бір рет өткізіледі және әр офицердің шама-шарқы, кәсібилігі, моральдық-іскерлік қасиеттері және оның әрі қарай әскери қызметтегі перспективасы анықталады.
Бүгінгі күні батальон, бөлім командирлері және олардың орынбасарлары әскери лауазымдарын атқаратын офицерлерді аттестаттау бойынша бірінші кезең толығымен аяқталды. Аталған іс-шара бойынша жүргізілетін екінші кезең аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ҚР Қарулы Күштерінің қалған барлық офицерлік құрамы аттестаттаудан өтетін болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.