Джордж Крол: Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздері ерекше ұнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джордж Крол: Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздері ерекше ұнайды

21.08.2015
Джордж Крол: Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздері ерекше ұнайды

Елші «Таңшолпан» тілшілерін ерекше тосынсыймен қарсы алды. Қазақтың киіз үйінде ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынған Джордж Крол  таңғы аста шұбат ішкенді тәуір көретінін айтады.

«Сіздермен сұхбаттасу мен үшін зор мәртебе», деп сөзін қазақ тілінде бастаған Елші: «Қазақ тілі – өте әдемі.  Маған тілді толық меңгеру үшін әлі көп оқып, тәжірибе жинақтау керек. Қазақ тілі – күрделі грамматикасы бар, логикасы бай тіл. Қазақ тілі – мен үшін әуен, музыка сияқты. Қазақтың «тәуелсіздік», «дастархан» сөздерінің мағынасы тереңде. Осы сөздер ерекше ұнайды»,-дейді.

АҚШ елшілігінің ауласына киіз үй тіккен Джордж  Крол: «Қазақтың киіз үйін көрген сайын қызығатынмын. Бұл – қазақ халқының мәдениетінің символы. Халықтың жаны. Мұнда отырғанда бөлмедегі әрбір зат пен оюдың мағынасын терең ұғынасың»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу