Темекіге қанша қаражат жұмсайсыз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темекіге қанша қаражат жұмсайсыз?

21.08.2015
Темекіге қанша қаражат жұмсайсыз?

Біздің елде де 4 миллионнан аса адам шылым шегеді деген мәлімет бар. Ал, сіз темекіге қанша ақша кететінін және қанша уақытыңызды жоғалтатыныңызды білесіз бе?          

Бүгінде  темекінің бір қорапшасы орта есеппен алғанда 300 теңге. Бір күнде бір қорап темекі шегетін адам бір айда тапқан қаражатының 9000 теңгесін никотинге жұмсайды. Демек, бір жылда 108 мың теңге улы түтінмен бірге желге ұшады.

Егер адам 20 жыл темекі тартса, 2,500 000  миллион қаржыны тек темекіге жаратады екен.  Оған шылым бағасының жыл сайын қымбаттап жатқанын қосыңыз. Ал, бұл арадағы уақыт шығын бөлек әңгіме.

Бір тал шылымды шегіп болғанша, орта есеппен 5 минут уақыт кетеді. Сонда бір күнде 1 сағат 40 минут уақыт зиянды іске арналады. Ал, 1 айда 60 сағат (екі тәулік), 1 жылда 720 сағат (30 тәулік) тек етемекі шегуге кетеді екен.
Жақындарына, туыстарына, достарына зиянын тигізетін темекі ұрпақты да улайтынын ұмытпаған жөн. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу