Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ, Үкімет мүшелері, ірі компаниялардың басшылары және сарапшылар қатысты.
Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстанға әсері қандай? Сыртқы саясат ұлттық экономикаға қалай әсер етеді? Экономикалық саясаттың алдағы шаралары жөніндегі кеңесте нендей тапсырмалар берілді?
Елбасының тікелей төрағалығымен өткен кездесуден арнайы хабарды бүгін 22:30-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.