«Соңғы жылдары әлемдік экономикалық ахуал едәуір төмендеді. Дағдарыс шикізат, тауар, қаржы нарықтарында да байқалуда. Әлем бойынша шикізат бағасы төмендеді.
Біз мұндай кезеңдердің талайынан өттік. Барлық-зауыт фабрикалар жабылып, екі миллион халықтың жұмыссыз қалған кезі есте. Мемлекеттің ешқандай қоры болмай, зейнетақы, жалақы төлей алмаған уақыттар болды.
Соңғы 2007-2009 жылдардағы АҚШ-тан басталған қаржылық дағдарыстан халықты аман-есен алып шықтық. Бұл - дамыған және дамушы мемлекеттердің бәріндегі жағдай. Дүниежүзілік дағдарыстан ешкім тысқары қала алмайды», деді Елбасы.