Астана әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 20,1 пайыз.
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1062570 шаршы метр 9812 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдесінен 185,5 пайызға жоғары.
Жеке салушылар жалпы ауданы 30091 шаршы метр тұрғын үйлер салған.
Елордада 2015 жылғы қаңтар-шілдеде тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 114,4 мың теңгені, ал пайдаланылатын ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 156,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салғаны 88,5 мың теңгені құрады.